Accessibility links

Египетте "Мұсылман бауырлар" өкілі қаза тапты


Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен қарсыластарының қақтығысы. Александрия, Египет. 23 қараша 2012 жыл.

Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен қарсыластарының қақтығысы. Александрия, Египет. 23 қараша 2012 жыл.

Египеттегі "Мұсылман бауырлар" діни-саяси ұйымы Даманхур аймағындағы кеңсесінде болған жанжал кезінде бір өкілінің қаза тапқанын хабарлады. Жанжалдан 60 адам жараланған. Кейбір деректер бойынша, қақтығыс президент Мухаммед Мурсиді қолдаушылар мен оған қарсылар арасында болған.

Египетте халық толқулары өткен бейсенбіде басталған еді. Оған президенттің өз құзыретін күшейтетін жарлық шығаруы себеп болған. Жарлық бойынша енді президент қабылдаған барлық заңдар мен декреттер қайта қаралмайды, я талқыланбайды.

Мұхаммед Мурсидің қарсыластары оны билікті басып алды деп айыптайды. Дүйсенбіде дағдарысты шешу үшін Мурси жоғарғы сот өкілдерімен кездеседі. Бұған дейін судьялар президентті аталған жарлықтың күшін жоюға шақырған.
XS
SM
MD
LG