Accessibility links

Жоғалған тікұшақты іздеуге тағы екі тікұшақ шықты


Тікұшақ. (Көрнекі сурет).

Тікұшақ. (Көрнекі сурет).

"Алматы облысында жоғалған МИ-823 азаматтық тікұшағын іздестіруге бүгін таңертең тағы екі тікұшақ қосылды" деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Алакөл ауданы құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, іздеуге шыққан тікұшақтар Павлодар мен Алматы облыстарына тиесілі.

Бұған дейін жоғалған тікұшақты екі әскери тікұшақ іздеп жүрген еді.

24 қарашада Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Алакөл ауданының ұшу алаңынан көтерілген тікұшақтың жоғалғаны туралы хабар түскен еді. Тікұшақта экипаж мүшелерімн қосқанда 8 адам болған.

Тікұшақты «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» компаниясы Атасу-Алашанькоу құбыр жолдарын тексеру үшін жалға алған.
XS
SM
MD
LG