Accessibility links

ConocoPhilips Қашағандағы үлесін сатпақ


Каспий теңізінің Қашаған кенішіндегі жасанды "Д" аралы. (Көрнекі сурет).
Каспий теңізінің Қашаған кенішіндегі жасанды "Д" аралы. (Көрнекі сурет).
Америкалық ConocoPhilips мұнай компаниясы Қашаған мүнай кенішіндегі 8,4 пайыздық үлесін үндістандық ONGC Videsh компаниясына сататынын хабарлады.

Америкалық компанияның өз үлесін сататыны туралы ақпарат бұған дейін де тараған еді. Оны сатып алуға қазақстандық "ҚазМұнайГаз" компаниясы қызығушылық танытқан.

Соңғы 40 жылда әлемде табылған бұл ең ірі мұнай кенішінің қоры - 38 миллиард баррель. Алғашқы өнім кеніштен 2013 жылдың алғашқы жартысында өндіріле бастауы тиіс. Кенішті игеру жұмыстарымен құрамына Shell, Exxon Mobil, Total және қазақстандық "Қазмұнайгаз" компаниялары кіретін консорциум айналысып жатыр.
XS
SM
MD
LG