Accessibility links

Мурси құзыретін заң шеңберінде күшейткенін айтады


Мұхаммед Мурси жақтастарына арнап сөз сөйлеп тұр. Каир, 23 қараша 2012 жыл.

Мұхаммед Мурси жақтастарына арнап сөз сөйлеп тұр. Каир, 23 қараша 2012 жыл.

Египет президенті Мұхаммед Мурси құзіретін күшейтетін декларацияны өз мандаты негізінде шығарғанын мәлімдеді. Дүйсенбіде жоғарғы сот өкілдерімен кездескен Мурси сот органдарын президенттің шешімдері мен жарлықтарын тексеру қызметінен айыратын конституциялық декларация "сот билігінің тәуелсіздігіне әсер етпейтінін" айтты. Мурси елдің жаңа конституциясы қабылданып, парламент сайлаулары өте салысымен декларация күшін жоятынын хабарлады.

Өткен бейсенбіде Мурсидің өз құзіретін күшейтетін декларация қабылдауына оның қарсыластары жаппай наразылық танытқан. Президенттің жақтастары да шеруге шығып, қақтығыс кезінде бір адам қаза тапқан, жүздеген адам жараланған.

Египет президенті құрамына кіретін "Мұсылман бауырлар" діни-саяси ұйымы зорлық-зомбылық туып кетпеуі үшін сейсенбіге жоспарлаған шеруін өткізбейтін болды.
XS
SM
MD
LG