Accessibility links

Оппозициялық газетке қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті


"Голос Республики" газеті. 14 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
"Голос Республики" газеті. 14 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Бүгін Алматының Медеу аудандық сотында қалалық прокуратураның оппозициялық "Республика" газетіне қатысты түсірген шағымы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне газеттің бас редакторы Татьяна Трубачева хабарлады.

Трубачеваның айтуынша, тыңдауда газет заңгерлері прокуратура шағымында басылымға қатысты сот процесінде жауап беретін тарап нақты көрсетілмегенін айтқан. Сот процесі 6 желтоқсанда басталмақ.

Өткен аптада Алматы прокуратурасы бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салуды сұрап, сотқа жүгінген. Олардың арасында "Республика" басылымы да бар.

Прокуратура сегіз газет пен 23 интернет ресурсын "Республиканың" біртұтас ақпараттық ресурстары деп танып, олардың басылып шығуына және Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салуды сұраған.
XS
SM
MD
LG