Accessibility links

Ясир Арафаттың денесі қайта қазып алынды


Палестина автономиясының бұрынғы басшысы Ясир Арафат. Рамалла, 4 қаңтар 2004 жыл.
Палестина автономиясының бұрынғы басшысы Ясир Арафат. Рамалла, 4 қаңтар 2004 жыл.
Сейсенбіде Палестина автономиясының бұрынғы жетекшісі Ясир Арафаттың мәйіті эксгумацияланды. Палестина ақпарат құралдарының хабарлауынша, Арафаттың сүйегін "ол уланып қаза тапты" деген күдікпен қозғалған іс бойынша қайта қазып алды.

Тамызда Франция соты Арафаттың өліміне қатысты іс қозғаған еді. Оған швейцариялық институттардың 2004 жылы Парижде қайтыс болған Арафаттың киімдерінен радиоактивті полонийдің іздерін тапқаны себеп болған.

Швейцария, Франция және Ресей мамандарынан құралған халықаралық сарапшылар тобы Ясир Арафаттың денесіне зерттеу жүргізбек. Мәйіт сараптама жасала салысымен қайта жерленеді.

Араб елдерінің көпшілігі Палестинаның тәуелсіздік алуы үшін 40 жылдай күрес жүргізген Арафатты Израиль улап өлтірді деп күдіктенеді. Израиль Арафаттың өліміне қатысы жоқ екенін айтады.
XS
SM
MD
LG