Accessibility links

"Сарыбөктер" заставасы бастығының соты басталды


Талдықорған әскери гарнизонында "Сарыбөктер" шекара заставасының бастығы Алексей Фоминнің үстінен "Арқанкерген" бекетіндегі оқиғаға қатысты қозғалған іс бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Әскери соттың баспасөз қызметінің ақпараты қарағанда, сот ашық түрде өтіп жатыр. Тек істің құпия делінген томдары ғана жабық түрде қаралмақ. Сот Фоминге "атыс қаруын заңсыз иеленді, сақтады және басқа адамға берді", "қызмет бабында жалған құжат жасады", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптар тағылғанын айтады.

Фомин 15 адам қаза тапқан 28 мамыр мен 30 мамыр аралығындағы оқиғада "шекара бекетімен байланыс үзілгенін әдейі жасырды және байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жасамады" деген айыппен маусымның басында қамауға алынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG