Accessibility links

Қырғызстанда "шенеунікті өлтірді" деген 4 адам сотталды


Қырғызстанның сол кездегі президенті Құрманбек Бакиев (сол жақта) және президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Медет Садырқұлов. 2008 жыл.
Қырғызстанның сол кездегі президенті Құрманбек Бакиев (сол жақта) және президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Медет Садырқұлов. 2008 жыл.
Бішкектің әскери соты Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы жетекшісі Медет Садырқұловтың өліміне қатысы бар деген айыппен төрт адамды түрлі мерзімге соттады.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, шекара күзеті қызметінің бұрынғы бастығы Замир Молдошев бес жылға, мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бұрынғы бастығы 18 жылға, ал оның қарамағында істеген екі қызметкердің әрқайсысы 15 жылға сотталған.

2009 жылы наурыз айында Медет Садырқұлов пен оның екі серігінің өртенген денелері Алматы-Бішкек тас жолының бойында көлік ішінен табылған еді. Ресми орындар оларды жол апатынан қаза тапты деп ұйғарған. Бірақ олардың туыстары мұнымен келіспеген. Олардың өліміне Өмірбек Усмонов деген адам кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталған еді. Бірақ 2010 жылдың сәуірінде Усмоновтың өлі денесі Бішкек маңында табылды.

Қырғызстанда бұрынғы президент Құрманбек Бакиев биліктен тайдырылған соң Медет Садырқұловқа қатысты іс қайта қозғалды.
XS
SM
MD
LG