Accessibility links

Тәжікстанда Facebook жабылды


Тәжікстан мемлекеттік коммуникациялар қызметінің басшысы Бега Зухуров. 25 қаңтар 2011 жыл.
Тәжікстан мемлекеттік коммуникациялар қызметінің басшысы Бега Зухуров. 25 қаңтар 2011 жыл.
Тәжікстанның мемлекеттік коммуникациялар қызметінің басшысы Бег Зухуров елде Facebook әлеуметтік желісі "азаматтардың сұрауы бойынша" жабылғанын айтады. Бұл елде Facebook осымен екінші күн ашылмай тұр.

Зухуровтың айтуынша, желіні жабуды негізінен "азаматтардың өздері" сұраған. Ол желіде туындайтын "ғайбат пен жалаға наразы академиктер, дәрігерлер мен қоғам қайраткерлерінің жиі хабарласатынын" айтты.

Дүйсенбіде Facebook ашылмай қалғанда Зухуров мәселе техникалық ақаудан туындады деп мәлімдеген еді.

Тәжік интернет провайдерлерінің ассоциациясы басшысы Асомуддин Атоев ұйымға желіні жабу туралы ауызша нұсқау берілгенін айтады. Оның пікірінше, биліктің бұл әрекеті интернет қолданушылардың құқығын бұзып, елдің беделіне кері әсер етеді.
XS
SM
MD
LG