Accessibility links

Франция Палестина мәртебесін көтеруді қолдайды


Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус. 26 шілде 2012 жыл.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус. 26 шілде 2012 жыл.

Франция Палестина автономиясының БҰҰ-дағы мемлекеттік мәртебесін қолдайды. Парламент алдында сөйлеген елдің сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың айтуынша, Франция дауыс беру кезінде Палестинаға бақылаушы мемлекет мәртебесін беруді қолдамақ.

Палестинаға бақылаушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі БҰҰ Бас ассамблеясында қарашаның 29-ы күні қаралмақ. Палестинаға бақылаушы мемлекет мәртебесі берілген жағдайда бұл елдің БҰҰ институттарында бірқатар құқықтары болмақ.

Дүйсенбіде ХАМАС ұйымы Палестина басшысы, Иордан өзенінің батыс жағалауын бақылайтын Махмуд Аббастың БҰҰ-ға тапсырған ұсынысын қолдайтынын мәлімдеген. ХАМАС-тың қолдауы өзара бәсекелес палестиндік екі саяси күштің ымыраласа бастағанын көрсетеді. Газа секторын бақылайтын ХАМАС ұйымы бұған дейін БҰҰ-ға аталған мәселе бойынша ұсыныс жасауға қарсы болып келген. Себебі мұндай жағдайда Израиль мемлекетін мойындау қажет болады.

Франция - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі.
XS
SM
MD
LG