Accessibility links

Жоғалған тікұшаққа қатысты қылмыстық іс қозғалды


Тікұшақ. (Көрнекі сурет).

Тікұшақ. (Көрнекі сурет).

Бас көлік прокуратурасы жоғалған МИ-823 тікұшағына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Іс қылмыстық кодекстің 295-бабы ("Теміржол, әуе және су транспортын пайдалану және қозғау қауіпсіздігі ережелерін бұзу") бойынша қозғалған.


24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген тікұшақ жоғалып кетті. Тікұшақта экипаж мүшелерімен қоса алғанда 8 адам болған. Тікұшақты «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» компаниясы Атасу-Алашанькоу құбыр жолдарын тексеру үшін жалға алған.

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, тікұшақты іздеу үшін құрамында 54 адамы бар арнайы іздеу-құтқару бригадасы құрылған. Іздеуге ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің, төтенше жағдайлар министрлігі мен "Еуразия Эйр" компаниясының төрт тікұшағы аттанды.

Прокуратура іздеу жұмыстарының барысын ерекше бақылауда екенін айтады.
XS
SM
MD
LG