Accessibility links

"Не взгляд" газетін тәркілеп әкетті


"Взгляд" газеті бас редакторының орынбасары Олеся Щелкова. Алматы, 26 қараша 2012 жыл.

"Взгляд" газеті бас редакторының орынбасары Олеся Щелкова. Алматы, 26 қараша 2012 жыл.

Алматыдағы "Заңғар" сауда үйінің жанындағы жабылып қалған оппозициялық "Взгляд" газетінің журналистері басып шығарған "Не взгляд" газеті тәркіленді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Взгляд" газеті бас редакторының орынбасары болған Олеся Щелкованың айтуынша, сот орындаушылары 99 дана тиражбен басып шығарылған газетті журналистер "Заңғар" маңындағы дүңгіршектерге тарата бастаған кезде тәркілеп әкеткен.

Қарашаның 21-і күні Алматы қаласы прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін экстремистік деп тануды, «К-плюс», «Взгляд» сияқты бірнеше ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салуды талап еткен еді.

Ал 26 қарашада Бостандық аудандық соты газет қызметіне тыйым салды.
XS
SM
MD
LG