Accessibility links

Назарбаев: шенеуніктер саны 8 есе қысқарады


Нұрсұлтан Назарбаев. Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев. Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін саяси мемлекеттік қызметкерлер саны 8 есеге қысқаратынын мәлімдеді деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Астанада барлық деңгейдегі әкімдермен болған кездесуде Назарбаев арнайы ұлттық комиссия кандидаттарды кадрлық резервке іріктеп алатынын айтты.

"Саяси мемлекеттік қызметкерлер саны 8 есеге қысқарады, мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары орындарында қалады. Министрлер, жауапты хатшылар, әкімдер, аппарат жетекшілерінің құзіреті шектеледі" деді Назарбаев.

Президент бұдан өзге министерлер мен әкімдер "кадрлық мәселемен, орталықтан бөлінген бюджет қаржысын бөлумен бас ауыртпай, салалық бағдарламаларды іске асырып, аймақтардың дамуына көңіл бөлуі тиіс" екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG