Accessibility links

Кэтрин Эштон Өзбекстан президентімен кездесті


ЕО жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесуі. Ташкент, 28 қараша 2012 жыл.

ЕО жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесуі. Ташкент, 28 қараша 2012 жыл.

Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келген Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон сәрсенбіде Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен және сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесті.

Кэтрин Эштон кездесуде Өзбекстандағы адам құқықтары жағдайын да талқылады. Бұған дейін ол Бішкекте болып, Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездескен еді.

ЕО жоғарғы комиссары жұма күні Қазақстанға келеді.
XS
SM
MD
LG