Accessibility links

Магнитский ісінің басты куәгері қайтыс болды


Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. 29 желтоқсан 2006 жыл.
Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. 29 желтоқсан 2006 жыл.
Ұлыбританияда швейцариялық құқық қорғау органдарына ресейлік адвокат Сергей Магнитский айналысқан қаржы жымқыру ісін тергеуге көмектесіп жүрген куәгер, 44 жастағы бизнесмен Александр Перепеличный қайтыс болды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, осыдан үші жыл бұрын Ұлыбританиядан саяси баспана сұраған Перепеличный Лондондағы үйінде осыдан екі апта бұрын кенеттен қайтыс болған. Агенттік Ұлыбритания полициясындағы дерек көзіне сүйеніп, оның не себептен қайтыс болғаны әлі анықталмағанын, тергеушілер қосымша сараптама жүргізетінін айтады.

Лондондық бизнесмен Уильям Бродердің айтуынша, Александр Перепеличный Сергей Магнитскийдің қазасына қатысы бар қылмыстық топтың ісінде басты куәгер болған. Магнитский Ресей шенеуніктерінің 230 миллион АҚШ долларын жымқырған әрекетін ашумен айналысқан еді. Ол 2009 жылы абақтыда тұтқында отырып қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG