Accessibility links

Астанада "Назарбаев оқулары" басталды


Нұрсұлтан Назарбаев. Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев. Павлодар, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Бүгін Астанада "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" деген атпен алғашқы Назарбаев оқулары басталды деп хабарлайды Bnews.kz сайты. Форум Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның "қалыптасуы мен дамуындағы рөлін" көрсетуді мақсат тұтады.

Форумды "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев сөз сөйлеп ашты. Жиынға 50-ден астам мемлекеттен мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер, ғалымдар келген.

Форумда "Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылыми еңбектері мен стратегиялық жобалары" атты көрме ашылмақ.

Назарбаев оқулары 30 қазанда аяқталады.
XS
SM
MD
LG