Accessibility links

Египет соты жеті адамды өлім жазасына кесті


Марк Бассели Юсуфті тергеуге әкетіп барады. Лос-Анджелес, 15 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Марк Бассели Юсуфті тергеуге әкетіп барады. Лос-Анджелес, 15 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Каир соты шетелде тұратын Египеттің ұлты копт жеті азаматын "Мұсылмандардың пәктігі" филіміне қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кесті.

CNN агенттігінің хабарлауынша, Египет азаматтары сырттай сотталғандықтан, өлім жазасы олар елге оралған жағдайда ғана орындалады.

Исламға тіл тигізіп, Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен фильмге қарсы мұсылман елдерінде наразылық акциялары болған еді. Бұған дейін фильм продюсерлерінің бірі Марк Басели Юсеф АҚШ-та өзінің абақтыдан мерзімінен бұрын босатылып шыққандағы шартын орындамағаны үшін қайтадан бір жылға сотталған еді.
XS
SM
MD
LG