Accessibility links

Индонезияда "Хизб-ут-Тахрир" мүшелері наразылық танытты


Индонезиядағы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының өкілдігі наразылық танытты. Джакарта, 29 қараша 2012 жыл.

Индонезиядағы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының өкілдігі наразылық танытты. Джакарта, 29 қараша 2012 жыл.

Индонезияның Джакарта қаласында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының 20-ге тарта мүшесі Ресей елшілігінің алдында Ресейде ұсталған ұйымның алты мүшесін босатуды талап етті.

Наразылық танытушылар қолдарына "Ресейде террористік режим орнаған", "Ресей исламға қарсы" деген ұрандар көтеріп шықты.

Осы айдың басында Мәскеу полициясы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының алты мүшесі "Мәскеу мешіттерінде қатарларына жақтастар тартумен айналысты" деген айыппен тұтқындалғанын хабарлаған. Полиция одан өзге алты адамның үйлерін тінту кезінде гранаталар, жарылғыш заттар мен тыйым салынғна діни әдебиеттер табылғанын да айтқан.

Ұйымның Индонезиядағы өкілдігі бұл оқиғаға орай мәлімдеме жасап, "Ресей құқық орындарының қолдан жасаған лас әрекеті" деген баға берді.

Ұлыбританияда орналасқан "Хизб-ут-Тахрир" ұйымы Ресей мен пост-советтік бірқатар елдерде террористік деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Бірақ Индонезия ұйым қызметін заңды деп таниды.
XS
SM
MD
LG