Accessibility links

Pussy Riot-тың видеосына тыйым салынды


Pussy Riot мүшесі Екатерина Самуцевич. Мәскеу, 20 қараша 2012 жыл.
Pussy Riot мүшесі Екатерина Самуцевич. Мәскеу, 20 қараша 2012 жыл.
Мәскеу соты Pussy Riot панк тобы түсірген видеоны экстремистік деп танып, видео орналасқан барлық веб-сайттарға кіруге шектеу қойылуы тиіс деген шешім шығарды.

Феминистік Pussy Riot панк тобының мүшелері биыл ақпанның 4-і күні Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында «Құдай Ана, Путинді қуа гөр» деп орыс тілінде ән салғаны үшін жауапқа тартылған еді. Топ мүшелері Мария Алехина мен Надежда Толоконникова "діни жеккөрушілікті тудыратын бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған. Үшінші әнші Екатерина Самуцевич шартты жаза алған.

Әннің бейне жазбасы интернетте тарап кеткен.

Екатерина Самуцевич Мәскеу сотының шешіміне шағым түсіретінін айтты.
XS
SM
MD
LG