Accessibility links

"Голос Республики" электрондық түрде басылмақ


"Голос Республики" газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева. Алматы, 29 қараша 2012 жыл.
"Голос Республики" газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева. Алматы, 29 қараша 2012 жыл.
Тыйым салынған оппозициялық "Голос Республики" газеті енді электрондық түрде шығатын болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында газеттің бас редакторы Татьяна трубачева мәлімдеді. Оның айтуынша, редакция газеттің электронды нұсқасын оқырмандарға өздері жіберіп тұрмақ.

Бұған дейін Алматының Медеу аудандық соты бас прокуратураның оппозициялық бірқатар БАҚ-ты жабу туралы талабы негізінде газеттің таратылуы мен қызметіне тыйым салу туралы шешім шығарған еді.

Ал Бостандық аудандық соты 26 қарашада оппозициялық тағы бір газет - "Взглядтың" қызметін тоқтатуға шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG