Accessibility links

Тікұшақ апаты құрбандарының мәйіттері табылды


Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайын бақылып жүрген ТЖМ-нің тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл.

Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайын бақылып жүрген ТЖМ-нің тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл.

Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі қарашаның 29-ы күні кешке қарай МИ-8 тікұшақ апатында қаза болғандардың мәйіттері табылғанын хабарлады.

"Кешкі сағат алты жарымда оқиға орнынан алты адамның, біраз уақыттан соң қалған екі адамның мәйіті табылды. Әлі де іздестіруді жалғастырып жатырмыз" делінген министрліктің сайтында.

Бұған дейін Tengrinews.kz агенттігі тікұшақ сынықтарын аршу кезінде екі мәйіт табылғанын хабарлаған еді.

Тікшұшақ бортында төмендегі азаматтар болған:

Экипаж командирі - Рауль Хабибуллин, ұшқыш - Нұрлан Есеналиев, бортмеханик - Владимир Ким, инженерлер - Константин Максаев, Виктор Радомский, Т. Шокпаров, А.Сәрсембаев және К. Сабыров.

24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген тікұшақ жоғалып кеткен еді. Бейсенбі күні арнайы министрлік тікұшақтың табылғанын хабарлаған еді.

Тікұшақты «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» компаниясы Атасу-Алашанькоу құбыр жолдарын тексеру үшін жалға алған.

Қазақстанның бас транспорт прокуратурасы қарашаның 28-і күні тікұшақтың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғаған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG