Accessibility links

Палестина БҰҰ-ның "бақылаушы мемлекеті" атанды


БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаға "бақылаушы мемлекет" мәртебесін беруді дауысқа салу кезінде. Нью-Йорк, 29 қараша 2012 жыл.
БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаға "бақылаушы мемлекет" мәртебесін беруді дауысқа салу кезінде. Нью-Йорк, 29 қараша 2012 жыл.
БҰҰ Бас ассамблеясы Палестина автономиясына "бақылаушы мемлекет" мәртебесін берді. Палестинаға мұндай мәртебе беруді 138 мемлекет қолдаған, 9 мемлекет қарсы дауыс берген. 41 ел қалыс қалды.

Палестина президенті Махмұд Аббас дауыс беруге дейін БҰҰ-ны Палестинаға "жеке басын куәландыратын құжат" беруге шақырған еді.

Израильдің БҰҰ-дағы өкілі өз елінің палестиналықтармен бейбіт келісім жасасқысы келетінін тағы да қайталап, бірақ Палестинаға берілген жаңа мәртебе ол ұмтылысқа кері әсер ететінін айтты.

Ал АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Сьюзан Райс Палестина қарары "сәтсіз және кері нәтиже береді, бейбіт келісімдерге кедергі жасайды" деп мәлімдеді.

Палестина бұл мәртебе арқылы БҰҰ кейбір институттарының қызметіне араласып, Халықаралық қылмыстық сотқа Израильдің әрекетіне қатысты шағым түсіре алады.
XS
SM
MD
LG