Accessibility links

Сирияда интернет байланысы үзілді


Дамаск маңында болған жарылыс. Сирия, 28 қараша 2012 жыл.
Дамаск маңында болған жарылыс. Сирия, 28 қараша 2012 жыл.
АҚШ-та орналасқан интернетке мониторинг жасайтын екі компания "Сирия үкіметі елдегі интернет байланысын үзіп тастады" деген хабар таратты.

Интернеттегі заң бұзушылықты бақылайтын Renesys қауіпсіздік фирмасы Дамаск интернетті түн ортасында үзіп тастағанын айтады. Интернет контентін таратумен айналысатын Akamai Technologies компаниясы да Сирияда интернет байланысы үзілгенін растап отыр.

Ал Сирия тұрғындарының айтуынша, елде жай телефон мен ұялы байланыс қызметі де нашарлап кеткен.

Сирия мемлекеттік телеарнасы Дамаскі әуежайы маңында қарулы қақтығыс болғанын, қазір әуежайға баратын жолдың қауіпсіз екенін хабарлады.

Ал Египет пен Дубай әуежайлары 29 қарашада Дамаскіге қатынайтын рейстерін тоқтатты.
XS
SM
MD
LG