Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда жүздеген көлік қар құрсауында қалды


"Оңтүстік Қазақстан облысының жолдарында 240-тан астам көлік қар құрсауында қалды" деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Zakon.kz сайты.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, 29 қараша күні кешкісін Ақбиік елді мекенінде 100-ге тарта жүк көлігі мен төрт автобус - жиыны 200 адам бораннан жүре алмай, тұрып қалған. Елді мекенде төтенше жағдайлар департаменті мен жол полициясы қызметкерлері кезекшілікке шыққан.

Ал жол полициясы бақсармасының "Айша-Бибі" бекетінде 104 жүк көлігі мен 35 жолаушылар автобусы жүре алмай тұр.

28-29 қараша аралығында Жамбыл облысы Жуалы ауданы аумағындағы "Алматы-Ташкент" тас жолы бойында 18 жеңіл көлік пен 5 жүк көлігі қар құрсауынан шығарылған.

Министрлік жолда қалған адамдардың денсаулығына зиян келмегенін айтады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG