Accessibility links

Челахтың соты 4 желтоқсанға шегерілді


Владислав Челах сот отырысында. Талдықорған, 21 қараша 2012 жыл.

Владислав Челах сот отырысында. Талдықорған, 21 қараша 2012 жыл.

"Владислав Челахқа қатысты сот отырысы адвокаттың келмей қалуына байланысты 4 желтоқсанға шегерілді" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Челахтың адвокаты Серік Естияров бүгінгі сот отырысына "денсаулық жағдайына байланысты келе алмайтынын" хабарлаған. Қорғаушы тарап болмаған жағдайда, сот отырысы кейінге қалдырылады.

Бұған дейін адвокат Серік Сәрсенов Ербол Ахметжановтың бұл сотты жүргізуіне қарсылық білдірген еді. Сот оның қарсылығын кері қайтарған. Бұдан соң Сәрсенов "денсаулығына байланысты" сұранып, сот залынан шығып кеткен.

Ал Владислав Челах "Серік Сәрсенов болмаса, сотқа қатыспайтынын" айтып, сотты жалғастырмауды сұраған. Бірақ судья оның өтінішін қанағаттандырмады.

Владислав Челахқа 14 шекарашы мен бір орманшының қазасына қатысты бірнеше айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG