Accessibility links

Еуропа Одағы комиссары Назарбаевпен кездесті


Еуропа Одағының сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон. Душанбе, 29 қараша 2012 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон. Душанбе, 29 қараша 2012 жыл.
"Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті" деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Кездесуде Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық және сауда байланыстары, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, аймақтық қауіпсіздік пен басқа да мәселелер талқыланған.

Кэтрин Эштон Қазақстанға Орталық Азияға жасаған сапары аясында келіп отыр. Бұған дейін ол Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда болған.
XS
SM
MD
LG