Accessibility links

"Взгляд" газетіне қатысты сот тыңдауы өтті


Оппозициялық "Взгляд" және "Голос Республики" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. Сурет forbes.kz сайтынан алынды.
Оппозициялық "Взгляд" және "Голос Республики" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. Сурет forbes.kz сайтынан алынды.
Алматының Бостандық аудандық сотында қалалық прокуратураның оппозициялық "Взгляд" газеті мен оның интернет ресурстарына қатысты шағымы бойынша алғашқы сот тыңдауы болды. Бұл туралы "Әділ сөз" баспасөз құқықтарын қорғау ұйымы веб-сайтында хабарлады.

Ұйым ақпаратына қарағанда, судья сотта газет бас редакторының орынбасары Олеся Щелкованың сотта редакция өкілдерін емес, газеттің құрылтайшысын жауапқа тарту туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Себебі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң бойынша, газет заңды, я азаматтық тұлға емес, шығармашылық ұжым. Сондықтан оны жауапқа тартуға болмайды. Сотқа газет емес, оның құрылтайшысы, я иесі тартылуы тиіс.

Судья Щелкованың сотқа ақпарат және мәдениет министрлігі мен транспорт және коммуникациялар министрлігі өкілдерін шақыру өтінішін де кері қайтарған.

21 қараша күні Алматы қаласының прокуратурасы соттан «К-плюс», «Взгляд», "Голос Республики" сияқты бірнеше ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салуды талап еткен еді.
XS
SM
MD
LG