Accessibility links

Азаттықтың тәжік вебсайты ашылмай қалды


Азаттық қызметі Тәжік вебсайтының скриншоты
Азаттық қызметі Тәжік вебсайтының скриншоты
Азаттық радиосы Тәжік қызметінің вебсайты Тәжікстанда ашылмай қалды.

Елдің Интернет қызметі ассоциациясының төрағасы Асомуддин Атоевтың Азаттыққа айтуынша, 30 қараша күні жергілікті ірі провайдерлер Тәжікстанның ресми коммуникация қызметінен вебсайтты құрсаулау туралы СМС тапсырма алған.

Коммуникация қызметінің басшысы Бег Зухуров Азаттықтың Тәжік қызметіне бұл туралы ақпарат беруден бас тартты.

26 қараша күні Тәжікстандағы интернет провайдерлер коммуникация қызметінің талап етуі бойынша Facebook әлеуметтік желісін құрсаулап тастаған болатын.

Зухуров басында Facebook "техникалық мәселелерге" байланысты жабылды деген, бірақ кейіннен әлеуметтік желіні құрсаулауға қоғамдық шағым себеп болды деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG