Accessibility links

Қазақстан тұңғыш президент күнін атап өтіп жатыр


Алматы қаласындағы Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші.

Алматы қаласындағы Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші.

Бүгін, желтоқсанның 1-і - Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күні. Осыған байланысты сенбі күні ресми баспасөзде жарияланған жолдауында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мереке күнімен құттықтаған.

«Мен ондаған жылдар бойы маған қуатты қолдау көрсетіп, сол арқылы адамдардың бақыты, біздің Отаны­мыз­дың игілігі үшін аянбай еңбек етудебойыма күш-жігер беріп келе жатқан ел азаматтарына ризамын. Мен барлық қазақстандықтарды біз­дің тарихымызға қазақстандықтардың Бүкілхалықтық таңдауының бірлігі күні ретінде енген жаңа мемлекеттік мереке - тұңғыш президент күнімен құт­тықтаймын!» делінген жолдауда.

Биыл алғаш рет ел көлемінде түрлі мерекелік шаралармен кеңінен аталып өтіп жатқан осы ресми мереке күні туралы президент Назарбаевтың жарлығы былтыр желтоқсанда қабылданған.

Қазақстанда 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық төте сайлау жолымен өткізілген президент сайлауында сол кездегі Қазақ ССР-інің президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес жылдық мерзімге президент болып сайланған еді. Назарбаев содан бері осы қызметте Қазақстанды басқарып отыр.
XS
SM
MD
LG