Accessibility links

Солтүстік Қазақстанда 4 аудан әкімі босатылды


Су алып жатқан тұрғын. Солтүстік Қазақстан облысы.

Су алып жатқан тұрғын. Солтүстік Қазақстан облысы.

Жұма күні Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде атқармағаны үшін Қызылжар, Шал ақын, Айыртау және Жамбыл аудандарының әкімдерін, сонымен бірге Мамлют ауданы әкімінің орынбасарын қызметтерінен босатып, облыс әкімінің орынбасары Александр Чженге сөгіс жариялады.

Бұның алдында, қарашаның 28 күні Ақордада аймақтарды дамыту мәселесі бойынша өткен республикалық кеңесте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловке облыстағы «Ауыз су» бағдарламасының жұмыс істемейтін нысандары жайлы мәліметтерді жасырғаны үшін сөгіс жариялағаны туралы хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG