Accessibility links

Алматыға қалың қар жауды


Алматыға қалың қар жауды. 1 желтоқсан 2012 жыл.

Алматыға қалың қар жауды. 1 желтоқсан 2012 жыл.

Бүгін Алматыға қалыңдығы 20 сантиметрге жуық қар жауды, ал тау баурайындағы қардың қалыңдығы 40 сантиметрге дейін жеткен. Қала көшелерін қардан тазарту үшін коммуналдық қызмет мекемесі түн мезгілінде 237 техника мен 400-ден астам адам шығарды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Арнайы техника мен жұмысшылар қаладағы орталық көшелерді тазартқанымен, әлі жауып тұрған қар қайта басып жатыр. Коммуналдық мекеме күндіз 700 адам көше тазалау жұмыстарына жұмылдырылатынын хабарлаған.

Тұңғыш президент күніне орай бүгін Медеуде өткізіледі деп жоспарланған мерекелік шаралар ауа райының қолайсыздығынан өтпейтін болды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
XS
SM
MD
LG