Accessibility links

Алматыда «Диктатор» фильмі көрсетілді


Саяси тұтқындарды қорғау қоғамдық комитеті «Диктатор» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Алматы, 1 желтоқсан 2012 ж.
Саяси тұтқындарды қорғау қоғамдық комитеті «Диктатор» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Алматы, 1 желтоқсан 2012 ж.
Бүгін Алматыда британ комигі Саша Барон Коэн мен режиссер Ларри Чарльздің «Диктатор» комедиялық фильмі көрсетілді. Жақында құрылған саяси тұтқындарды қорғау комитеті ұйымдастырған бұл шараға қоғам белсенділері, журналистер қатысты.

«Диктатор» комедиясында Саша Коэн мемлекетті авторитарлық тәсілдермен билейтін генерал Алладин арқылы әлемдегі бірнеше диктатордың жиынтық образдарын сомдап әжуалаған.

Биыл 17 мамырдан Қазақстанда прокатқа шыққан «Диктатор» фильмі «сұранысқа ие фильмдердің бестігіне» енгенімен, маусым айынан Алматы, Астанадан бастап барлық қалалардың кинотеатрлары фильмді кестелерінен алып тастағаны туралы бұған дейін Азаттық радиосы хабарлаған еді. Бірқатар елдер, соның ішінде Тәжікстан мен Түркіменстан «Диктатор» фильмін көрсетуге тыйым салған.
XS
SM
MD
LG