Accessibility links

Назарбаев өзіне арналған мұражайда болды


Теміртауда ашылған Назарбаев мұражайындағы суреттердің бірі. 17 қазан 2012 ж.
Теміртауда ашылған Назарбаев мұражайындағы суреттердің бірі. 17 қазан 2012 ж.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қарағанды облысына барды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Президент Теміртау қаласындағы Қазақстанның тұңғыш президентінің мұражайын аралап көрген. Биыл Теміртауда жаңадан ашылған бұл тарихи-мәдени орталықта Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянына қатысы бар деген экспозициялар қойылған.

Сонымен бірге президент Назарбаев Теміртауда жұртшылық өкілдерімен жүздесіп, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы зауытында болып, ондағы өндірістік жұмыстың барысымен танысты деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Биыл желтоқсанның 1-і Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік мереке - тұңғыш президент күні ретінде ел көлемінде түрлі мерекелік шаралармен кеңінен аталып өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG