Accessibility links

Словения бесінші президентін сайлап жатыр


Любляндағы наразылық шеруін полиция су шашып таратып жатыр. Словени, 30 қараша 2012 жыл

Любляндағы наразылық шеруін полиция су шашып таратып жатыр. Словени, 30 қараша 2012 жыл


1991 жылы Югославия федеративтік социалистік республикасынан бөлініп шыққан тәуелсіз Словения республикасы бүгін бесінші президентін сайлап жатыр. 11 қарашадағы алғашқы турдан өткен Словенияның бұрынғы премьер-министрі Борут Пахор мен қазіргі президенті Данило Тюрк бәсекесі бүгін екінші турға жалғасты.

Халық саны 2 миллионға жететін Словенияның 1,7 миллион азаматының сайлауда дауыс беру құқығы бар.

Осы сайлау алдында Словенияның барлық ірі қалаларында жалақы мен зейнетақыны және әлеуметтік төлемдерді қысқартқан билік саясатына қарсы түрлі наразылық шерулер өткен болатын. Бір ғана Люблян қаласындағы шеруге 10 мыңға жуық адам қатысып, соңы қақтығысқа ұласқан болатын.

Қақтығыс салдарынан барлығы 14 адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Оның 11-і полиция қызметкері.
XS
SM
MD
LG