Accessibility links

Қытайда 16 шахтер жер астында қалды



"Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясындағы көмір шахталарының бірі құлап, он алты шахтер жер астында қалып қойған",-деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Бұл ақпаратқа қарағанда, шахтада барлығы 22 шахтер болған, оның алтауы құтқарылған. Қазір шахтаның суы сыртқа айдалып жатыр.

Қытайдың тау-кен өндірісі әлемдегі ең қауіпті өндірістердің бірі болып саналады. Жыл сайын мыңдаған адам өлетін шахта апатының басым көпшілігі техникалық қауіпсіздік сақталмауынан болған.
XS
SM
MD
LG