Accessibility links

Жапония "ұшырғалы жатқан баллистикалық зымырандарың бағытынан тайып, жапон әуе кеңістігіне енсе, атып құлатамыз" деп Солтүстік Кореяға ескерту айтты.

Солтүстік Корея 10-22 желтоқсан аралығында орбитаға жасанды жер серігін ұшыратынын хабарлаған еді. Бұл - Солтүстік Кореяға кез келген балистикалық зымыранды ұшыруға тыйым салған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына қайшы. Осы елге қарсы санкция Пхеньянның ядролық бағдарламасына байланысты салынған.

Солтүстік Кореяның бұған дейін ұшырған спутнигі сәтсіздікке ұшырап, мұхитқа құлаған еді.
XS
SM
MD
LG