Accessibility links

Интернетті "реттеуге" қатысты жиын өтіп жатыр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Дубайда (Біріккен Араб Әмірліктері) басталған Халықаралық телекоммуникациялар одағының (ХТО) конференциясында интернетті жаһандық ауқымда реттеу мәселелері 12 күн бойы талқыланбақшы.

ХТО-ның бас хатшысы Хамадун Туренің сөзінше, конференция жаһандық телекоммуникациялар келісімін жаңартуды көздейді. Кебір елдер конференцияны өткізуді техникалық жағынан қамтамасыз етіп отырған америкалық ICANN компаниясының қызметін шектеп отыр. Бұл елдер балама техникалық қызмет ретінде ITU деп аталатын БҰҰ-на қарасты компанияны жөн көреді.

Интернетті жаһандық түрде басқару жүйесін БҰҰ-на қарасты техникалық компания арқылы жүзеге асыруды қалайтын үкіметтердің ішінде авторитарлық режимдер де бар. Бұл үкіметтер ғаламтор арқылы тарайтын мәліметтерге салық салуды және интернет саласын көбірек қадағалауды қалайды.

Бұл үрдіске қарсы тарап - интернетке қатысты жаңа шектеуге қарсы АҚШ пен Еуропа Одағы.
XS
SM
MD
LG