Accessibility links

Футболдан ТМД чемпионатын өткізу сөз болды


Ресей мен Польша құрамаларының арасындағы ойын алдындағы көрініс. Варшава, 12 маусым 2012 жыл
Ресей мен Польша құрамаларының арасындағы ойын алдындағы көрініс. Варшава, 12 маусым 2012 жыл
"ТМД футбол чемпионатының бел ортасында украиналық және ресейлік клубтар жүрер еді" деді "Газпром" басшысы Алексей Миллер Стамбулда 3 желтоқсан күні "Интерфакс" тілшісіне.

"Мұндай чемпионат өте қалса, қанша команда қатысуы мүмкін?" деген сұраққа ол: "Егер барлық ТМД елдері қатысса, тамаша болар еді. Жуыр уақытта нақты жұмыс атқарылса, бұл сауалға да жауап табылады. Бір нәрсе анық - бұл чемпионаттың негізін украиналық және ресейлік клубтар құрар еді" деді.

Өткен жұма күні Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов футболдан ТМД чемпионатын өткізу туралы идеяны қолдап шыққан еді. Ол мұндай бәсекеде төрт-бес ТМД елінің үздік клубтары ойнаса, тартымды болар еді деген пікір айтқан.

Ивановтың сөзінше, мұндай ұсыныс Украина мен Ресей футбол клубтарынан түскен.
XS
SM
MD
LG