Accessibility links

Ресей мен Түркия басшылары кездесті


Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия премьері Режеп Тайып Ердоғанның кездесуі. Стамбул, 3 желтоқсан 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия премьері Режеп Тайып Ердоғанның кездесуі. Стамбул, 3 желтоқсан 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Стамбулда Түркия премьер-министрі Режеп Ердоғанмен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында екі жақты байланыстарды нығайту жайы, Сириядағы жағдай талқыланды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, кездесуден соң Путин "қос тараптың Сирия дағдарысын реттеуде өзара мәмілеге келе алмағанын" мәлімдеді.

Соңғы уақытта Сирия дағдарысына байланысты Ресей мен Түркия қарым-қатынасы нашарлай бастаған. Анкара Ресейдің одақтасы "Башар Асад режимін құлатуды қолдайтынын" ашық білдіріп жүр. Ал Ресей Сирия қақтығысын шет елдің әскери күшімен шешуге мүлдем қарсы. Қазан айында Түркия үкіметі Мәскеуден Дамаскіге бара жатқан жолаушылар ұшағын "бортында Сирия үкіметіне қажетті әскери жүк болуы мүмкін" деген күдікпен орта жолдан тоқтатқан еді.

Владимир Путин соңғы екі айда шетелге бірінші рет сапарлап отыр. Бұған дейін ол белгісіз себептермен кейбір шет елдерге жоспарлаған сапарлары мен кездесулерін кейінге шегеріп келген еді.
XS
SM
MD
LG