Accessibility links

Қырғызстан Кеден Одағына 2014 жылы қосылмақ


Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев. Бішкек, 29 маусым 2012 жыл.
Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев. Бішкек, 29 маусым 2012 жыл.
"Қырғызстан Кеден Одағына 2014 жылы толықтай кіреді" деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев бұл туралы дүйсенбіде ел парламенті - Жогорку Кеңештің отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір одаққа қосылу мәселелерімен айналысатын кеңес құрылып, құжаттар рәсімделіп жатыр.

Бішкек 2013 жылы Кеден одағына мүше Ресей, Қазақстан және Беларусьпен кейбір мәселелерді талқылап, 2014 жылы ұйым құрамына кіруді көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG