Accessibility links

Францияда 10 адам "террористік әрекеті үшін" сотталмақ


"Террористік ұйымды қаржыландыруға көмектесті" деп айыпталған 10 адамның бірін полицецлер сотқа әкеле жатыр. Париж, 3 желтоқсан 2012 жыл.
"Террористік ұйымды қаржыландыруға көмектесті" деп айыпталған 10 адамның бірін полицецлер сотқа әкеле жатыр. Париж, 3 желтоқсан 2012 жыл.
Парижде "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымын қаржыландыруға көмектесті" деген айыппен он адамның үстінен сот басталды.

Басым көпшілігі Түркиядан шыққан сотталушыларға "2003-2008 жылдар аралығында Франция мешіттерінен мыңдаған еуро қаржы жинап, ұйымға жіберіп отырған" деген айып тағылып отыр. Олар 2008 жылы Франция, Германия және Голландияда тұтқындалған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер "қаржы гуманитарлық мақсатта жиналды" деп, айыпты жоққа шығарып отыр.

"Өзбекстан ислам қозғалысын" АҚШ "террористік ұйым" деп санайды. 2001 жылы қазанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ұйымды "Әл-Қаидамен" байланысы бар" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG