Accessibility links

Челахқа жаңа адвокат тағайындалды


Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.
Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.
Владислав Челахқа құпия құжаттармен таныса алатын жаңа адвокат тағайындалды деп хабарлайды Талдықорғанның әскери сотына сілтеме жасаған Bnews.kz сайты.

"Адвокат Серік Сәрсенов ауырып қалғаны туралы құжат тапсырмады. Құпия құжаттармен танысуға рұқсат етілген екінші адвокат Серік Естияров та ауырып қалған. Осыған байланысты сот Естияровтың орнына Жұмағайша Саржанованы адвокат етіп бекітуге шешім қабылдады" деген соттың баспасөз қызметінен.

29 қазан күнгі сот отырысында Серік Сәрсенов денсаулығына байланысты соттан кетіп қалған еді. Бір күннен соң тағы бір адвокат Серік Естияров та сотқа қатыса алмайтынын білдіріп, сот 4 желтоқсанға қалдырылған.

Ал бүгінгі сот отырысында Владислав Челах адвокаты Серік Сәрсенов келмейінше сотқа қатысудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG