Accessibility links

НАТО Түркияға "Патриот" кешенін орнататын болды


"Патриот" зымыраннан қорғану кешені. Германия. (Көрнекі сурет).

"Патриот" зымыраннан қорғану кешені. Германия. (Көрнекі сурет).

НАТО-ға мүше елдер Түркияның көршілес Сириядан қорғану үшін өз территориясына "Патриот" зымыраннан қорғану кешенін орнату туралы өтінішін қабылдады.

Бұл туралы Брюссельде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінен соң ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлімдеді.

Ол әскери блоктың Түркияның "әуе қорғанысын күшейтуді және АҚШ, Германия және Голландияның аталған кешенді орналастырып беру ниетін құп көргенін" айтады.

Cолтүстік атлантикалық альянсқа (НАТО) мүше мемлекеттер арасында қазір жоғарыда аталған үш елде ғана "Патриот" зымыраннан қорғану кешені бар. Сирияның одақтасы Ресей зымыраннан қорғану жүйесін орнату жағдайды тек қиындата беретінін айтып, ескерту жасады.

Андерс Фог Расмуссен "Патриот" кешенін орналастыру жұмыстары алдағы апталарда басталатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG