Accessibility links

Қазақстан "Бәйтерек" кешенінен бас тартты


Байқоңыр ғарыш айлағы. (Көрнекі сурет)
Байқоңыр ғарыш айлағы. (Көрнекі сурет)
"Қазақстан Байқоңырда салынады деп жоспарланған "Бәйтерек" ғарыш зымырандары кешенін салу жобасынан бас тартты" деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Астанада өткен онлайн конференцияда "Қазғарыш" ұлттық компаниясының басшысы Талғат Мұсабаев Қазақстанның Байқоңырдағы зымыран ұшыру жұмыстарына араласуы жайында Ресеймен келіссөздер жүріп жатқанын айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан "Ангар" зымыран тасығышына есептелген "Бәйтерек" зымыран кешені жобасынан бас тартқан. "Қазір біз зымыран ұшыру жұмыстарына араласу үшін "Зенит" зымыран тасығышын ұшыру жобасына қатысуды талқылап жатырмыз" дейді Мұсабаев.

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын 1994 жылдан бастап жалға алған.
XS
SM
MD
LG