Accessibility links

Педофилиямен күресуші халықаралық ұйым құрылмақ


Қайын жұрты азаптап, аяусыз қорлаған 15 жасар ауған қызы Сахар Гүлдің ауруханадан шыққан кезі. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Қайын жұрты азаптап, аяусыз қорлаған 15 жасар ауған қызы Сахар Гүлдің ауруханадан шыққан кезі. Кабул, 8 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО), АҚШ және өзге 20-дан астам мемлекет балалардың интернет ресурстары арқылы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауымен күресетін жаңа ұйым құрмақ. Бүгін Брюссельде ұйымның ресми құрылу салтанатына ЕО-ның ішкі істер комиссары Сесилия Мальстрем мен АҚШ бас прокуроры Эрик Холдер қатысады.

Ұйым мақсаты - балалар порнографиясы мен жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау үшін мемлекеттер арасында құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын дамыту.

Жаңа ұйым балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету үшін интернетті белсенді пайдаланатын педофилдерді ұстауды да мақсат етеді.

Ұйымға АҚШ пен ЕО-ға мүше 27 елден өзге, Албания, Австралия, Камбоджа, Канада, Хорватия, Грузия, Гана, Жапония, Молдова, Монтенегро, Жаңа Зеландия, Нигерия, Норвегия, Филиппин, Сербия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Тайланд, Түркия, Украина және Вьетнам мүше болуға ниет білдірді.
XS
SM
MD
LG