Accessibility links

Филиппинде дауылдан қаза тапқандар 300-ге жетті


Филиппиннің солтүстік бөлігіне таяп келе жатқан Меги дауылының ғарыштан түсірілген көрінісі. 18 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Филиппиннің солтүстік бөлігіне таяп келе жатқан Меги дауылының ғарыштан түсірілген көрінісі. 18 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Филиппинде болған "Бофа" дауылынан қаза тапқандар саны 300-ден асты.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, сейсенбіде елдің орталық және оңтүстік аймақтарында соққан дауыл кезінде 400 адам жараланған, 300 адам жоғалғандар санатында.

Дауылдан Компостела мен Давао Ориенталь провинциялары қатты зардап шеккен. Қаза тапқандардың ішінде 220 адам - осы аймақтардың тұрғындары. Филиппин үкіметі 190 мың адамның қауіпті аймақтарда орналасқанын, кей аудандарда электр жарығы жоғын айтады.
XS
SM
MD
LG