Accessibility links

Сенат терроризм туралы жаңа заң жобасын бекітті


Күдікті "террористер" бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды. (Көрнекі сурет).
Күдікті "террористер" бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды. (Көрнекі сурет).
"Қазақстан парламентінің сенаты бейсенбіде "Терроризмге қарсы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады" деп хабарлады "ҚазАқпарат" агенттігі.

Қарашаның 21-і күні бұл заң жобасын мәжіліс қараған еді. Талқылау кезінде Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Қабдыкәрім Әбдікәзімов "халықтың кей бөлігі радикалданып, террористік көріністер көбейіп кеткенін" айтты.

Заң жобасы бойынша, "терроризм" ұғымына жаңа анықтама берілген.

Әбдікәзімовтің айтуына қарағанда, сарапшылар қазіргі заманғы терроризмге "әлеуметтік қайшылықтардан жинақталып, қоғамда жанжал мен зорлық-зомбылық туғызатын күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс" деген анықтама берген.

Бұл заң жобасын құқық қорғаушылар сынап отыр.
XS
SM
MD
LG