Accessibility links

Шымкентте жұмыс беруші мен жұмысшылар атысты


Бадам өзенінің жағасында болған қақтығыс орны. Шымкент, 30 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Бадам өзенінің жағасында болған қақтығыс орны. Шымкент, 30 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Шымкентте жеке меншік фирма қызметкерлері мен жұмысшылары арасында атыс болып, бір адам қаза тапты" деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстың ішкі істер департаменті (ІІД) таратқан ақпаратқа қарағанда, қақтығыс сәрсенбіде қалада салынып жатқан тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты маңында болған.

"Фирма қызметкерлері өздері жалдаған жұмысшылардың жалақысын уақытында бермей қойған. Осыдан екі жақ арасында жанжал шыққан" дейді ІІД.

Атыс кезінде сегіз адам жараланған.

Қылмыстық кодекстің "кісі өлімі", "бұзақылық жасау" баптары бойынша іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG