Accessibility links

Әсел Нұрғазиеваны ұстап әкеткені хабарланды


Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.
"Ақтауда бүгін құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваны полиция ұстап әкетті" деп хабарлады Азаттық тілшісіне журналист Азамат Қалымбетов.

Оның айтуынша, полицейлер Нұрғазиеваны көшеде ұстап әкеткен. "Нұрғазиева маған телефон шалып, өзіне көшеде кездейсоқ бір әйел соқтығысып, "балағаттадың" деп айыптағанын айтты. Артынша полицейлер де келіп жетіп, ұстап әкеткенін хабарлап үлгерді" дейді ол.

"Қалалық ішкі істер басқармасы алдында тұрмыз, полиция оның ұсталғанына қатысты ешқандай түсінік бермей отыр" дейді. Ал құқық қорғаушының телефоны сөндірулі тұр.

Қалымбетов Әсел Нұрғазиеваның Жаңаөзен оқиғасында зардап шекті деген 9 адамның атынан шағым әзірлеп жатқанын, ертең - 7 желтоқсанда Жаңаөзенге баруы тиіс болғанын айтты.
XS
SM
MD
LG