Accessibility links

Президент Астана маңынан жер сатуға тыйым салды


"Хан шатыры" ойын-сауық орталығының айналасы. Астана, 5 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Хан шатыры" ойын-сауық орталығының айналасы. Астана, 5 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында Астана маңынан жер телімін үлестіруге тыйым салды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Астанада көрмені өткізу мен оған дайындық мәселелері туралы жиында сөйлеген Назарбаев ЭКСПО-2017 өткізуге қажетті ғимараттар салу үшін Астана маңы мен облыс аумағындағы жерлер қажет болатынын айтты. Ол: "Жер телімі әсіресе ауылшаруашылық мақсаттарына пайдалануға берілмеуі тиіс" деді.

Президент бұған қоса үкіметке көрмені өткізуге қатысты бірнеше тапсырмалар берді.
XS
SM
MD
LG